Перу Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Иранмен дипломатиялық қатынасын үзді
Перу Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуі және Вашингтон мен Тегеран арасындағы әскери текетірестің қайта өршуіне байланысты Иранмен дипломатиялық қатынасын тоқтатқанын мәлімдеді.
Елдің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл шешім Лиманың бейбітшілікті сақтау мәселесіне қатысты тарихи ұстанымы, халықаралық құқық нормаларын құрметтеу және демократиялық құндылықтарды қорғау қағидаттары негізінде қабылданған.
Перу тарапы Тегерандағы адам құқықтары мен бостандықтарының ахуалына, атап айтқанда, «наразылық акцияларының аяусыз басылуы, сөз және баспасөз бостандығының шектелуі, әйелдер мен қыздардың кемсітілуі және саяси оппозицияның қудалануы» мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар жаһандық саудаға қауіп төндіретін қатерлер де маңызды фактор ретінде аталды.
Үкімет көктемнен бері Ормуз бұғазындағы кеме қатынасында іркілістер байқалып отырғанына назар аударып, жағдай одан әрі шиеленіскен жағдайда энергия ресурстарының бағасы өсіп, жаһандық жеткізу тізбегіне елеулі зиян келуі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді.