Нобель қоры ақшалай сыйлық мөлшерін арттырды
Нобель сыйлығының тағайындалғанына 125 жыл толуына орай Нобель қоры 2026 жылы әр номинация бойынша ақшалай сыйлық көлемін 1 миллион швед кронасына (шамамен 101 мың доллар) арттырды.
Енді сыйлықтың жалпы мөлшері 12 миллион кронаны (шамамен 1,2 миллион доллар) құрайды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.
«Сыйлық көлемін арттыру арқылы біз Нобель сыйлығының беделін ұзақ мерзімге сақтап, уақыт өте келе оның қаржылық құнының төмендеп кетпеуін қамтамасыз етуді мақсат еттік», – деді Нобель қорының атқарушы директоры Ханна Стйерне.
Алғашқы Нобель сыйлықтары табысталған 1901 жылы әр номинация бойынша 150 782 кронадан берілген.
Қор қаржылық жағдайын тұрақтандыру бағдарламасы аясында 2012 жылы ақшалай сыйлық мөлшерін 10 миллионнан 8 миллион кронаға дейін қысқартқан еді. Алайда кейін бұл сома бірнеше рет қайта арттырылды.
Айта кетейік, 2025 жылы Нобель сыйлығының толық мөлшері 11 миллион швед кронасына (шамамен 1,17 миллион доллар) тең болды.
Еске салар болсақ, 2026 жылғы жаңа лауреаттардың есімдері биыл 5–12 қазан аралығында жарияланады.