Францияның қорғаныс саласына тағы 100 мың адаммен толықпақ
Франция билігі қорғаныс өнеркәсібі компаниялары 2030 жылға қарай шамамен 100 мың адамды жұмыспен қамтиды деп үміттеніп отыр.
«Le Figaro» газетінің мәліметіне сәйкес, Еңбек министрі Жан-Пьер Фаранду мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің міндетін атқаратын «France Travail» ұйымының қолдауымен осы саладағы жұмыспен қамтуды дамыту жоспарын бекітті.
Аталған ұйым құрамында отставкадағы генералдың жетекшілігімен жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар ел билігі саланы дамытуға бағытталған 15 мың оқыту бағдарламасын іске қосу жоспарын әзірледі.
Тамыз айының басында Еңбек министрі жастарды еңбек нарығына бейімдеу үкіметтің басым міндеттерінің бірі екенін мәлімдеген еді. Сонымен қатар тәжірибелі мамандардың дағдыларын нарық талабына, атап айтқанда ядролық энергетика, экологиялық көшу және қорғаныс өнеркәсібі салаларына бейімдеу арқылы жұмыс орындарын сақтап қалудың маңыздылығына тоқталған.