Қазақстанда граффити салатын тұлғаларға қатысты қатаң шара қолданылуы мүмкін
Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салатын тұлғаларға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды.
KAZINFORM мәліметінше, бұл туралы Қ. Тоқаев елордада Президент саябағында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында тапсырма берген.
19 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аталып өтеді. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» жобасы аясында ауқымды экологиялық акциялар өтеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан қалаларында бұған жол бермеу керек. Сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн.