Трамптың байлығы 7 миллиард долларға жетті
«Forbes» журналының соңғы мәліметіне сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамптың байлығы 7 миллиард долларды құраған.
Бұл 2024 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жеткенге дейінгі кезеңмен салыстырғанда шамамен 2,7 миллиард долларға көп. Сарапшылардың айтуынша, АҚШ президенті шетелдік серіктестермен жасалған келісімдер мен крипто жобаларға сәтті қатысуы нәтижесінде табысын айтарлықтай арттырған.
Басылымның атап өтуінше, Америка тарихында бұған дейін бірде-бір саясаткер билік пен саяси қызмет арқылы мұндай көлемде қаржылық пайда көрмеген.