Ғалымдар алғаш рет «тірі жасанды интеллектті» жасады
Ғылым жаңа белеске қадам басты зерттеушілер алғаш рет тірі жасушалар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін біріктіріп, «тірі жасанды интеллектті (AI)» жасап шығарды. Бұл технология жасушаларды күрделі генетикалық мәселелерді өз бетінше шешуге үйрете алады.
Жаңа әдіс PROTEUS деп аталады. Ол гендердің басқарылатын эволюциясын жедел мутациялар тізбегі арқылы іске асырады. Бұл жерде нығайтпалы оқыту (Reinforcement Learning) принципі қолданылған: жүйе тек ең тиімді, пайдалы мутацияларды таңдап, соларды сақтап отырады.
Ғалымдар мұндай тәсіл арқылы тірі ағзаларды «бағдарламалауға» мүмкіндік алдық дейді. Яғни, бұл технология көмегімен ағзаны, мысалы, қоршаған ортаның температурасына бейімдеуге, немесе аллергиялық реакциялар мен тұмау белгілерін болдырмауға болады.
Бұрынғыдай пассивті емдеу әдістерінің орнына, енді жасушалар өз бетімен үйреніп, бейімделіп, ағза ішіндегі түрлі тұқым қуалайтын және физиологиялық өзгерістерге белсенді түрде қарсы тұра алуы мүмкін.
Бұл жетістік биология мен жасанды интеллекттің тоғысқан шекарасында жатқан, болашақ медицинасын түбегейлі өзгертетін маңызды кезең болуы мүмкін.