Данияда 8,8 миллион адамның деректері қолды болды
Данияда халықты тіркеу жөніндегі Орталық жүйеге (CPR) рұқсатсыз қол жеткізілгені анықталып, 8,8 миллион адамның аты-жөні мен мекенжайы қолды болған.
Қазіргі уақытта жүйеге қолжетімділік уақытша тоқтатылып, оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Елдің Ғылым, білім және цифрландыру министрі Кристина Эгелунд жағдайды «аса маңызды» деп бағалап, азаматтарды қырағы болуға шақырды.
Даниялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүйеде шетелде тұратын Дания азаматтары мен қайтыс болған адамдарды қоса алғанда, шамамен 11 миллион адамның деректері сақталған.