Банктен 500 долларға дейін валютаны құжатсыз сатып алуға мүмкіндік беріледі
Өзбекстанда азаматтар үшін қаржылық қызметтерді жеңілдетуге бағытталған тағы бір маңызды қадам жасалды. Енді банктерден 500 АҚШ долларына дейін қолма-қол шетел валютасын жеке басын куәландыратын құжаттарсыз сатып алуға мүмкіндік беріліп отыр.
Аталған жаңашылдық Өзбекстан Әділет министрлігі бастамасымен әзірленген ведомстволық құжаттың 2026 жылғы 8 мамырда мемлекеттік тіркеуден өтуімен ресми түрде бекітілді (тіркеу № 2886-12).
Жаңа тәртіпке сәйкес, азаматтар енді 500 АҚШ долларына дейінгі қолма-қол валютаны паспорт, ID-карта немесе олардың орнын басатын өзге де құжаттарды ұсынбай-ақ сатып ала алады.
Бұл өзгеріс үш айдан кейін күшіне енеді. Айта кету керек, осы уақытқа дейін құжатсыз сатып алуға рұқсат етілген сома небәрі 100 АҚШ долларымен шектеліп келген еді.
Жаңа ереже халыққа көрсетілетін банктік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, қаржылық операцияларды анағұрлым ыңғайлы етуді көздейді.