Экономика саласындағы Нобель сыйлығы аукцион теориясын жетілдірген жандарға нәсіп етті
Биылғы Нобель сыйлығы аукцион теориясын жетілдірген және аукционның жаңа форматтарын ойлап тапқан американдықтарға бұйырды
2020 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы аукцион теориясын жетілдірген және аукционның жаңа форматтарын ойлап тапқан американдық Пол Милгром мен Роберт Уилсонға берілді.
Сонымен бүгін Стокгольмде Нобель сыйлығының биылғы лауреаттарының барлық есімдері жарияланып, Нобель апталығы аяқталды.
Бүгінге дейін медицина, физика, химия, әдебиет және бейбітшілік саласы бойынша жеңімпаздар анықталған еді.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрге сай 10-шы желтоқсанда (Бейбітшілік сыйлығынан басқа барлық жеңімпаздар үшін Стокгольмде, Бейбітшілік сыйлығының лауреаты үшін Ослода) Нобель сыйлығының негізін қалаушы швед кәсіпкері және өнертапқышы Альфред Нобельдің өмірден қайтқан күнінде биылғы пандемия жағдайына орай онлайнды түрде табысталады.
Еске салар болсақ, 2020 жыл Нобель қорының директорлар кеңесі Нобель сыйлығының мөлшерін әр санат бойынша 1 миллион швед кронына көбейту туралы шешім қабылданған болып, сыйақы 10 миллион швед кронын құрайды (шамамен 1,1 миллион доллар).