2020 жылғы химия саласы бойынша Нобель сыйлығы француз микробиологы Эммануэль Шарпантье мен американдық биохимик Дженнифер Дуднаға берілді

2020 жылғы химия саласы бойынша Нобель сыйлығы француз микробиологы Эммануэль Шарпантье мен американдық биохимик Дженнифер Дуднаға нәсіп етті.

Нобель комитетінің сайтында жарияланған хабарға сай, ғалымдар атаулы сыйлыққа геномды өңдеу әдістерін дамытқаны үшін лайық деп табылған.

Эммануэль Шарпантье мен Дженнифер Дудна жануарлар мен өсімдіктердің және микроорганизмдердің ДНҚ-сын жоғары дәлдікпен модификациялауға болатын CRISPR / Cas9 геномын өңдеу технологиясын тапты. CRISPR-Cas9 көмегімен (ғылымдағы атауы «қайшы») ғалымдар кез-келген тірі ағзаның генетикалық мәліметтерін - ең қарапайым бактериялардан жоғары сатыдағы сүтқоректілерге, соның ішінде адамға - сақтайтын ДНҚ-да нүктелік өзгерістер жасай алады.

«Бұл бәрімізге әсер ететін өте күшті генетикалық құрал. Ол фундаментальды ғылымда төңкеріс жасап қана қоймай, оның арқасында инновациялық егін жинаудың және емдеудің озық әдістерін жасауға болады», - деген химия бойынша Нобель комитетінің төрағасы Клас Густавсон.

14хи.jpg

2020 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. 5 және 6 қазан күндері медицина мен физика саласы бойынша жеңімпаздар анықталған болатын. Ал, 8 қазанда әдебиет және 12 қазанда экономика саласы бойынша жеңімпаздар жарияланса, 9 қазанда бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының иегері Норвегияның Осло қаласында белгілі болады.

Еске салар болсақ, 2019 жылғы химия саласы бойынша Нобель сыйлығы американдық физик Джону Гуденаф, ағылшындық химик Стэнли Уиттингэм мен жапон химигі Акире Йошиноларға литий-ионды батареяларын жасағаны үшін берілген еді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Химия саласы бойынша Нобель сыйлығы геномды өңдеу әдісін дамытқан ғалымдарға берілді