Медицина мен физиология саласында 2020 жылғы Нобель сыйлығын американдық Харви Олтер, Чарльз Райс және британдық Майкл Хоутондар иеленді

Медицина мен физиология саласында 2020 жылғы Нобель сыйлығын американдық Харви Олтер, Чарльз Райс және британдық Майкл Хоутондар иеленді.

Каролин медициналық институты қасындағы Нобель комитетінің хабарлауынша, ғалымдар С гепатит вирусын тапқаны үшін сыйлыққа лайық деп табылған. Бұл вирус адамдар мен шимпанзелерде С гепатитін қоздырады. Ол 1989 жылы табылған және шимпанзелерде А гепатитіне немесе В гепатитіне ұқсас ауру тудырған бірақ оларда болмаған ешқандай вирустың РНҚ көшірмесін клондау арқылы анықталған.

Бұл вирусты анықтауда Олтер, Райс және Хоутон зерттеулері маңызды рөл атқарды. Олтер АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институтындағы әріптестерімен бірге қан құйылған науқастарда гепатиттің пайда болу жағдайларын зерттеді. Ғалымдар белгілі А гепатиті мен В гепатитінен басқа, оларға ұқсас тағы бір ауру бар екенін дәлелдеді. Содан кейін белгісіз патогеннің шимпанзелерді жұқтыруы мүмкін екендігі анықталды. Ауру «не А, не В» гепатиті деп аталады. Майкл Хоутон осы белгісіз аурудың генетикалық негіздерін бөлу үстінде жұмыс атқарған.

ms-103823-32.jpg

2020 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Нобель комитеті Стокгольмдегі жеңімпаздарды 5 қазанда медицина, 6 қазанда физика, 7 қазанда химия, 8 қазанда әдебиет және 12 қазанда экономика саласы бойынша жеңімпаздарды жарияласа, 9 қазанда бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы Норвегияның Осло қаласында белгілі болады.

Еске салар болсақ, 2019 жылғы медицина және физиология саласында Нобель сыйлығын Уильям Келин, Питер Ратклифф және Грегг Семенцалар иеленген болатын. Олар тірі жасушалардың оттегі құрамына қарай сезімталдық пен бейімделу механизмін ашқан.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Медицина бойынша Нобель сыйлығы С гепатит вирусын тапқан ғалымдарға нәсіп етті