Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығы ашаршылыққа қарсы күрес үшін берілді
2020 жылғы бейбітшілік үшін берілетін Нобель сыйлығы БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына (WFP) табысталды
2020 жылғы бейбітшілік үшін берілетін Нобель сыйлығы БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына (WFP) табысталды.
Нобель комитетінің Осло қаласында қабылдаған шешіміне сай, сыйлық «аштықпен күресудегі күш-жігері мен жанжалды аймақтардағы қақтығыстардан зардап шеккен аудандарда тұрмыстық жағдайды жақсартуға және соғыс пен қақтығыстарда аштықты қару ретінде пайдаланбаудың қозғаушы күші ретінде қосқан үлесі үшін» үшін БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына берілді.
«Биылғы табысталған марапатпен Норвегия Нобель комитеті әлем назарын аштықтан зардап шеккен немесе ашаршылық қаупіне тап болған миллиондаған адамдарға аударғысы келеді. 2020 жылы Бүкіләлемге таралған COVID-19 коронавирустық инфекциясы салдарынан бірқатар аймақтарда аштық қаупі артты», - делінген комитет хабарламасында.
2020 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Бүгінге дейін медицина, физика, химия және әдебиет саласы бойынша жеңімпаздар анықталды. Енді 12 қазанда экономика саласы бойынша жеңімпаздар жарияланады.
Еске салар болсақ, 2019 жылғы бейбітшілік Нобель сыйлығы Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Алиге, Эритреямен шекарадағы қақтығысты шешуге атсалысқаны үшін берілген болатын.