Өзбекстанның 4 халықаралық әуежайы өз жұмысын бастады
Теміржол қатнауларыда жолға қойылып, бүгін алғашқы жолаушы жүрдек пойызы Ташкенттен Бұхараға қарай жолға шықты
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 18 мамырдан бастап ел аумағындағы әуе, теміржол және басқа да транспорттық қатнауларға рұқсат етілді.
Осы жағдайға орай бүгін «Uzbekistan airports» өз құрамындағы ұшақтар қатнауы жолға қойылғанын хабарлап, онда ұшақтарға мерзімі 120 сағаттан аспайтын COVID-19 вирустық тест сынамалары бар жолаушылар санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай тұрып 2 мертлік арақашықтықта ұшуға рұқсат еткен. Атап айтқанда ілгері 198 жолаушыға арналған ұшақтар ендігіде 98 кісіге қызмет көрсететін болады және әрбір ұшудан кейін ұшақ дезинфекцияланады. Қазіргі уақытта Ташкенттен Нүкіс, Үргенш, Термізге қалаларына екі жақтық рейстер бағыты ащылған.
Сонымен қатар теміржол қатнауларыда жолға қойылып, бүгін алғашқы жолаушы жүрдек пойызы Ташкенттен Бұхараға қарай жолға шықты. Жолаушыларды вокзалда тексеріс кезінде 120 сағаттан аспайтын COVID-19 вирустық тест сынамалары міндетті болып, дене қызуы 37 градустан аспаған жағдайда дезинфекция жасайтын арнайы тунелден өткізіліп оларға жаңа медициналық қолғап, маскалар берілуде.