Самарқандтың күзгі келбеті
Күз – табиғаттың ең көркем де қайталанбас мезгілдерінің бірі. Бұл кезде айналаға ерекше реңк еніп, тіршілікке сабыр мен тыныштық орнайды. Әсіресе, көне тарихы мен жасампаз келбетін қатар сақтаған Самарқандтың күзгі көріністері жанға ерекше әсер сыйлайды.
Бүгінде көне шаһарда күздің лебі айқын сезіледі. Ағаштар мен бұталар әлі түгелдей алтын түске боялмағанымен, сарғая бастаған жапырақтар, баяу ескен самал мен ашық аспан қала ажарына өзгеше көрік беріп тұр. Ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи ескерткіштер мен айбынды сәулет нысандарының айналасындағы күзгі табиғат көріністері бір-бірімен үйлесіп, қайталанбас ғажайыпқа айналған.
Самарқандтың әрбір бұрышынан тарих пен табиғаттың жарасымын сезінуге болады. Көне ескерткіштер маңындағы сарғайған жапырақтар, ағаш арасынан төгілген күн сәулесі, тыныштық құшағына бөленген саябақтар күздің бар көркін аша түседі. Мұндай көріністер көз қуантумен қатар, көңілге тыныштық сыйлап, адамды терең ойға жетелейді.
Әр мезгілдің өзіне тән сәні мен сипаты бар: көктем – жаңару мен жасампаздықтың нышаны болса, жаз – тіршіліктің қызу қарқынын, ал қыс аппақ көрінісімен тазалық пен тыныштықты бейнелейді. Ал күз өзінің байсалды болмысымен, сан алуан реңкімен, көрікті табиғатымен шығармашылық адамдарына шабыт, табиғат сүйер қауымға ерекше әсер сыйлайды.
[gallery-32222]
Алтын күз құшағындағы Самарқанд осындай қайталанбас көріністерімен бұрынғыдан да көрікті. Тарихтың тынысы сезілетін көне шаһардың күзгі ажары әр жүрекке жылылық пен тыныштық сыйласын!
суреттерді түсірген А.ИСРОИЛОВ, ӨзА