Өзбекстанға электромобильдер импорты шамамен 3 есе өсті
Жыл басынан бері Өзбекстанға электромобильдер импорты шамамен 3 есе өсті.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, Өзбекстан 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында шетелден жалпы құны 61,3 млн АҚШ долларын құрайтын 1912 электромобиль импорттаған.
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 1 223-ке өскен.
Өзбекстанға әкелінген электромобильдер негізінен мына елдерден импортталған.
- Қытай – 1675 дана
- БАӘ – 111
- Германия – 56
- Гонконг - 42
- Литва - 10
- Корея - 7
- Басқа елдер – 11 дана