Өзбекстанда Ресей ғылым академиясының өкілдігі ашылады
Ресей Федерациясы Өзбекстандағы Сауда өкілдігі жанынан Ресей ғылым академиясының өкілдігін ашуды жоспарлап отыр.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей ғылым академиясының өкілдіктерін сегіз елде, соның ішінде Беларусь, Бразилия, Вьетнам, Үндістан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Эфиопияда ашу туралы шешім қабылданған.
Бұл ғылыми-сараптамалық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен зерттеулерді жандандыруға мүмкіндік береді.