
2025 жылдың сәуір айында Өзбекстан тарихында алғаш рет 1 миллионнан астам шетелдік саяхатшы елге сапар шеккені тіркелді. Бұл жөнінде Туризм жөніндегі комитет мәлімет таратты.
Агенттіктің хабарлауынша, бұл көрсеткіш — елде туризм саласында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар, ашықтықты қамтамасыз ету және халықаралық әріптестікті нығайту бағытындағы белсенді саясаттың жемісі.
Туризмді стратегиялық сала ретінде дамыту жөніндегі Өзбекстан Президентінің жарлықтары мен қаулылары, шетелдік инвестицияларды тарту, визасыз режимдерді кеңейту, сондай-ақ халықаралық туристік жәрмеңкелер мен форумдарға белсенді қатысу — елдің туристік тартымдылығын арттырған негізгі факторлар қатарында.
Алдағы уақытта да халықаралық стандарттарға сай қызмет түрлерін кеңейту, экологиялық және тұрақты туризм бағыттарын қолдау арқылы Өзбекстанды жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілетті және тартымды туристік бағытқа айналдыру көзделген.