Өзбекстанда туризмнен түскен табыс көлемі 1,72 млрд долларды құрады

ЮНВТО жариялаған туризм саласындағы қарқынды дамып келе жатқан 20 елдің тізімінде Өзбекстан төртінші орынға ие болды.
Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, туристердің Өзбекстанда орташа болуы 4-5 күн. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда (2-3 күн) 1,5 есеге өсті. 2017 жылы әрбір шетелдік турист республикаға орта есеппен 197 доллар жұмсаған.
Бұл көрсеткіш 2023 жылы 400 долларға жетеді, ал 2023 жылдың 9 айында туризм индустриясынан түскен кіріс көлемі 1,72 миллиард долларды құраған.