Бұхараның түнгі келбеті
Бұхараның түнгі келбеті де өзіндік сұлулығымен ерекшеленеді. Тарихтың тынысы сезілетін көне көшелер, айбынды сәулет ескерткіштері мен ғасырлардан сыр шертетін ғимараттар түнгі жарық аясында одан әрі ажарлана түседі.
Жұлдызды аспан астында бой көтерген мұнаралар, күмбездер мен биік қақпалар, шам сәулесі түскен тар көшелер өткен заман мен бүгінді жалғаған шежіре парақтарын еске салады. Әрбір көріністен ерекше нәзіктік пен көне шаһарға тән қайталанбас рух аңғарылады.
Бұхараның түндері әсем, жұмбақ әрі көз тартарлық. Осы ғажайып суретке көз салғанда, ежелгі қаланың әрбір тұсында тарихтың ізі, әрбір бұрышында өзіндік бір сыр жатқанын айқын сезінесің.
[gallery-32618]
суреттерді түсірген Т.ИСТАТОВ, ӨзА