Өзбекстан Мұсылмандары басқармасының Рамазан айы мен Ораза айтты анықтау жөніндегі жұмыс тобы шетелдегі беделді астрономия орталықтары және Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы жанындағы Астрономия институтынан алынған ақпаратқа сәйкес, 1444 хижри жылдың Шәууәл айының жаңа ай фазасы (жарты ай) 20 сәуір, бейсенбі күні, Ташкент уақытымен сағат 09:12-ге тура келген.
Өзбекстан Мұсылмандары басқармасының Ғұламалар кеңесі Ислам тағылымдары мен осы астрономиялық мәліметтерге сүйене отырып, Рамазан айт Өзбекстанда 2023 жылдың 21 сәуірі, жұма күні болады деп шешті.
2023 жыл Өзбекстанда Ораза айт мерекесін атап өту туралы Мемлекет басшысының қаулысы қабылданды.
Осыған орай, ел халқының Ораза айт мерекесін лайықты қарсы алуы және жоғары деңгейде өткізуі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс аптасының түріне қарамастан барлық қызметкерлер үшін 2023 жыл 24 сәуір (дүйсенбі) қосымша демалыс күні болып белгіленді.