Ташкент Германия компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтетін болады
Бүгінгі таңда Ташкент қаласының халықаралық экономикалық байланыстары кеңейіп, шетелдік инвестиция тарту жұмыстары күн өткен сайын жанданып келеді. Мұны қала әкімінің орынбасары Шароф Рахмонов пен Германияның іскер топтары өкілдері арасында қала әкімдігінде өткен келіссөздер нәтижесі айғақтай түседі.
Кездесу барысында тараптар Ташкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту және өзара тиімді перспективалы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқылады.
Атап айтқанда, құрылыс, өнеркәсіп, қалдықтарды қайта өңдеу, экология, инженерлік инфрақұрылым, энергетика, логистика, білім беру және медицина салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды.
Сонымен қатар қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, қайталама шикізат алу, заманауи құрылыс материалдары мен өнеркәсіптік жабдықтарды пайдалану, шу мен дірілді азайту технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ сумен жабдықтау және ағынды суларды басқару, жылу жүйелері мен қазандықтарды жаңғырту, өнеркәсіптік сорғылар мен гидравликалық жүйелерді пайдалану, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу мүмкіндіктері қаралды. Бұдан бөлек, тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, логистика мен көлік бағыттарын дамыту, неміс компанияларын Ташкенттегі инвестициялық жобаларға тарту және жергілікті кәсіпорындармен тікелей ынтымақтастық орнату жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, білім беру саласында Германия тәжірибесін зерделеу, заманауи медициналық жабдықтарды импорттау және отандық медициналық өнімдерді Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау мүмкіндіктеріне айрықша назар аударылды.
Кездесу соңында Германия компанияларының озық тәжірибесі мен технологияларын Ташкент қаласындағы жобаларға тарту және перспективалы бірлескен бастамаларды әзірлеу мәселелері сөз болды.