Өзбекстанда «Жастар туризмі апталығы» өтеді
2024 жыл 1-10 қаңтар күндері аралығында Өзбекстанда «Жастар туризмі апталығы» өтеді.
Республика мектептеріндегі қысқы демалыс кезінде Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің Туризм комитеті Жастар істері агенттігі, Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі, Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі бірлесіп «Жастар туризмі апталығын» өткізбек.
Туризм комитеті осы апталық аясында 7 мен 30 жас аралығындағы оқушыларға, студенттерге және жастарға республиканың көрікті жерлеріне саяхаттауды ұсынған.
Осы апталық барысында жастар жол жүру және көлік шығындарында арнайы жеңілдіктерді пайдалана алады, театрларға, кинотеатрларға және концерттерге кіруге мүмкіндік алады, ал мұражайлар мен мәдени мұра нысандарына кіру тегін болады.