2023 жылдың 22 қыркүйегінде Ташкент қаласында Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Кудратов пен Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев арасында келіссөздер өтті.

Министрлік хабарлауынша, диалог барысында тараптар ағымдағы бірлескен жобалар мен келісімдерді жүзеге асыру барысы, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистика және өңіраралық қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылады.

«Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің ұлғаюының оң динамикасын атап өтті. Кейінгі 6 жылда бұл көрсеткіш 2,5 есеге жуық өсіп, 4,6 миллиард долларды құрады. Осы тұрғыдан алғанда өзара сауда көлемін одан әрі арттыру және оның ауқымын кеңейту бойынша міндеттер айқындалды», делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше, таяу жылдары азық-түлік, тоқыма, автомобиль, электр жабдықтары, қара металдар, мұнай-газ өнімдерін жеткізу есебінен сауда көрсеткіштерін 10 миллиард долларға жеткізуге қосымша мүмкіндіктер бар екені айтылды. Биылғы жылдың көктемінде құрылып, өткен айларда 1,3 миллион доллардың өнімін экспорттауға қол жеткізген бірлескен сыртқы сауда серіктестігі осыған үлес қосады деген сенім білдірілген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан өзара сауда индексін 10 миллиард долларға жеткізбек