Өзбекстан көмір өндіруді күрт арттырды

Өзбекстандағы ірі кәсіпорындар 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы 4,5 миллион тонна көмір өндірді.
Статистика агенттігінің хабарлауынша, көмір өндіру көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5 пайызға өскен.
2023 жылдың қыркүйегінде ірі кәсіпорындар тарапынан 685,6 мың тонна көмір өндірілді.