2023 жылға қарай Орта Азия елдері аймағында баламалы энергияны өндіру екі есеге артуы жайында декларация қабылданған

Қытайдың «Лиаонин лидер» инвестициялық компаниясы Бұқара облысының Ғиждуан ауданындағы 6 мың гектарлы аймаққа Өзбекстандағы алғашқы жел электр станциясын салудың алғашқы кезеңіне кірісіп, жел жылдамдығын өлшеуші құрылғыларды орната бастады.

240 миллион АҚШ долларын құрайтын ЖЭС-тың қуаты 200 МВт. Жалпы жобаға салынған инвестиция көлемі 1,8 млрд доллар болып, станцияның «Жол картасы» 2019 жылдың наурыз айында «Бұқара инвестмент форум – 2019» халқаралық конференциясында келісім жасалған.

Қазірде құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі бастаған бұл ЖЭС-ті 2020 жылдың күзінде іске түсіру жоспарланып, болашақта станцияның қуатын 1500 МВт жеткізу нақтыланған.

Өткен апта, Ташкентте өткен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлері қатысуындағы конференцияда, 2023 жылға қарай Орта Азия елдері аймағында баламалы энергияны өндіру екі есеге артуы жайында айтылған еді. Осыған орай Өзбекстан бұл бастаманы бастап кетті.

Еске сала кетсек, ЖЭС Қарақалпақстан мен Науайы облыстарында да салынуы жоспарланып, оны Біріккен Араб Әмірлігінің “Masdar” компаниясы құратыны белгілі болған. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай компаниясы Өзбекстандағы алғашқы ірі жел электр станциясын құра бастады