ӨзА Қазақ

20.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Орта Азия аймағында 2023 жылға қарай күн және жел электр станцияларынан энергия өндіру екі есе артады

Орта Азия аймағында 2023 жылға қарай күн және жел электр станцияларынан энергия өндіру екі есе артады

Бұл жайында бүгін Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлері қатысуындағы конференцияда мәлімденді.

Конференцияда, Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 2030 жылға жолпарланған жалпы ортақ энергетикалық стратегияны әзірлеуге және оны іске асыруға бағытталған бірлескен декларацияға қол қойды.

Атаулы декларация 9 тармақтан құралып, онда осы елдердің 2030 жылға дейін ортақ энергетикалық стратегияны әзірлеу және Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саласында «таза энергиядан пайданалуға жету» турасындағы айтылған жетінші мақсатына жету жолында бірлесіп жұмыс істеуге деген міндеттемесін көрсетеді.

Бұл стратегиялық жоба Азия даму банкімен бірге ынтымақтастықта жасалып, 2030 жылға дейін аймақта сенімді және тұрақты, реформаланған энергетикалық нарықты жарату.

Декларацияға қол қоюшы елдер сонымен қатар келесідей міндеттерді орындайтын болады:

-2023 жылға дейін күн және жел электр станцияларынан энергия өндіруді екі есе арттыру;

-Жеке секторға инвестициялардың тартылуын көбейтуді ынталандыру үшін инвесторларға мақұл келер нормативтік-құқықтық базаны құру бойынша реформаларды жүзеге асыру;

-ОАӨЭЫ аясында қаржыландырудың аймақтық тетіктерін құру;

-ОАӨЭЫ аймағында энергетика саласында аз санды болған әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

Декларацияға осы жылдың 24-25 қыркүйек күндері өтетін БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы саммиті қарсаңында қол қойылады.

Өзбекстан Республикасының Энергетика министрлігінің хабары.

13 260
ӨзА