Ташкентте Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Венгрия, Қазақстан және Қырғызстан географиялық қоғамдары өкілдерінің қатысуымен Түркі мемлекеттері географиялық кеңесінің (ТДГК) құрылтай жиналысы өтіп, отырыста кеңес құру туралы келісімге қол қойылды.
Бұл кеңесті құрудағы мақсат – түркі тілді зерттеу институттары мен қоғамдық бірлестіктердің жан-жақты ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру. Бұл ретте география, өлкетану және басқа да сабақтас ғылымдар бойынша теориялық немесе практикалық жұмыстармен айналысатын барлық ұйымдар мен мекемелерге қолдау көрсету және барлық аспектілерде бірлескен күш-жігерді үйлестіру қарастырылған. Ендігі жерде халықтың географиялық және экологиялық білімін нығайту, озық ғылыми идеялар мен жетістіктерді кеңінен насихаттау, кеңеске мүше елдердегі табиғатты қорғауға қатысты проблемаларды анықтау, өзекті мәселелерді шешу бағытында бірлесе белсенді жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Өзбекстан Республикасы Географиялық қоғамының басшысы Айбек Норинбоев штаб-пәтері Ташкентте орналасқан Түркі мемлекеттерінің географиялық кеңесінің бас хатшысы болып үш жылдық мерзімге сайланды.
[gallery-11779]
Жаңадан құрылған кеңес халықаралық жобаларға қатысады, соның ішінде ғылым, білім, экологиялық білім, экономикалық көзқарас, мәдениет және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту, түркі тарихына қатысты мәселелер бойынша ортақ ғылыми ұстанымды әзірлеу, экологиялық күн тәртібін қамтамасыз ету және мақсатқа қол жеткізу.
Жиында география пәнінен халықаралық олимпиадалар өткізу, жаһандық, аймақтық және жергілікті экологиялық проблемалардың алдын алу, орын алған мәселелерді жою бойынша бірлескен шараларды әзірлеу сияқты басым міндеттер айқындалды.
суреттерді түсірген Айбек Пардаев, ӨзА