Ташкентте Орталық Еуразия венчурлық форумы өтті
Ташкент қаласында стартап экожүйесін дамыту және инвестициялық серіктестікті кеңейтуге арналған Орталық Еуразия венчурлық форумы өтті.
Форум «MOST Holding» және IT Park Uzbekistan компанияларының ұйымдастыруымен, Цифрлфқ технологиялар министрлігінің қолдауымен Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Беделді шарға Орталық Азия, Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия және MENA елдерінен келген шамамен 800 инвестор, кәсіпкер және технологиялық компания өкілдері қатысты.
Форумды Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов ашып, өз сөзінде елде стартаптарға жасалып жатқан жағдайлар, қолдау механизмдері және саланың болашақ бағыттары туралы айтты.

Содан кейін IT Park бас директоры Азамат Караматов сөз сөйлеп, инновациялық экожүйені дамыту, резиденттер үшін мүмкіндіктер жасау және шетелдік инвесторларды тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Шара барысында «Орталық Азияда стартаптар және венчурлық капитал 2026» қорытындысы ұсынылды, бірнеше халықаралық меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды, сондай-ақ «Investment Readiness Accelerator (IRA) Tashkent» бағдарламасы іске қосылды.
Форум соңында CEVF Awards сыйлықтары табысталды: ең үздік венчурлық қор – «Aloqa Ventures», ал жылдың ашылуы ретінде – MoonAI стартапы танылды.

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі «Star Venture» бағдарламасының алғашқы Орталық Азия когортасына 13 стартапты енгізгенін жариялады. Оның 7-сі Өзбекстаннан болып, олар бизнесін дамыту, менторлық қолдау алу және инвестиция тарту бағытында қолдау көрсетіледі.
Орталық Еуразия венчурлық форумы аймақтағы инновациялық экономиканы дамыту, инвестициялық ортаны нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қызмет ететін маңызды алаң екенін көрсетіп отыр, сонымен қатар жас кәсіпкерлерге жаңа идеяларын халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндігі де берілді.