Ташкент халықаралық инвестициялық форумының жалпы отырысы басталды
Бесінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумының жалпы отырысы басталды.
Онда, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйлеуде.
Мемлекет басшысы форумға қатысып жатқан мемлекеттер мен үкіметтер басшыларын, беделді халықаралық қаржы институттарының өкілдерін, ірі компаниялар мен қорлардың жетекшілерін, сондай-ақ әлемдік бизнес қауымдастық өкілдерін құттықтады. Биылғы форумға әлемнің 100 мемлекетінен 4 мыңға жуық шетелдік қонақ қатысуда.
— Сіздердің қатысуларыңыз Жаңа Өзбекстанның даму жолына деген халықаралық сенімнің барған сайын артып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетеді.
Форум аясындағы бірлескен күш-жігеріміз биік мақсаттарға жетудің берік негізіне айналуда. Соңғы жылдары елімізге 150 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылса, оның 123 миллиард доллары кейінгі бес жылдың үлесіне тиесілі.
Біз Өзбекстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі, тең құқықты әрі өзара тиімді серіктестікке дайын инвесторлар үшін әрдайым ашықпыз, – деді Президент.
Форумға қатысып жатқан Албания Президенті Байрам Бегайға, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинге, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчинге, Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Асадовқа, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымәлиевке, Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі Каҳир Расулзадаға, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкі, Жаңа даму банкі, Дүниежүзілік банк, Халықаралық қаржы корпорациясы, Азия даму банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Еуропалық инвестициялық банк өкілдеріне, сондай-ақ шетелдік банктердің, компаниялар мен ұйымдардың делегацияларына алғыс айтылды.
ӨзА