2023 жыл 4 қазан күні Ташкент қаласындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейінде «Алаштың асыл арыстары» атты халықаралық көрме ашылды.
Атаулы көрмені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейі бірлесіп, оған ағартушы-ғалым, дәрігер, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін, жоғары білім беруді және баспа ісін алғаш ұйымдастырушылардың бірі Халел Досмұхамедовтың 140 жылдығы мен ғалым, Абайтанудың негізін салушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Алаштың асыл арыстары» халықаралық көрмесін ұйымдастырған.
Көрменің мақсаты Алаш қайраткерлерінің өнеге толы өмір жолдарын насихаттау, екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен мәдени байланысты нығайту және музей мамандарының тәжірибе алмасуына жол ашу.
Осынау көрмеге қазақтың біртуар азаматтары Халел Досмұхамедов пен Мағжан Жұмабаевтың өмір жолынан сыр шертер архивтік құжаттармен қатар ұлы тұлғалардың ұстап-тұтынған жеке заттары, кітаптарымен қатар Алашорда қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллиннің жеке кешендері негізінде 50 сақтам бірлік музейлік заттар мен қатар ақпараттық стенділер көрмеге келушілерге ұсынылған.
Салтанаттың шараның ашылуына, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов, ӨР Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейі басшысы Бартиёр Хасанов, ҚР Мемлекеттік орталық музейі басшысы Рашида Ерімқызы Харипова бастаған делегация мен қатар белгілі қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Халықаралық көрмені 2023 жылдың 4-11 қазан күндері аралығында Ташкент қаласындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейіне барып тамашалауға болады.