Өзбекстанның халық ақыны, көрнекті қаламгер Усмон Азим Қазақстанның әдебиет саласындағы халықаралық «Алаш» сыйлығымен марапатталды.

Аталмыш марапат Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты шарада табысталды.

Қазақ елінің әдебиет саласындағы бұл мәртебелі сыйлығы сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы, белгілі жазушы Сұлтан Раевқа, Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы, әйгілі қаламгер Анар Рзаевқа, Түркия Жазушылар бірлестігінің төрағасы Мұса Казым Ариджанға, Қырғызстанның халық жазушысы Арслан Койшиевке және басқа да танымал қаламгерлерге берілді.

Ақын Усмон Азимнің өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, македон, түрік, грузин, эстон, литва, тәжік, қазақ, қырғыз және басқа да көптеген шет тілдеріне аударылған. Сондай-ақ оның көптеген өлеңдері әуезді әндерге айналған.

Усмон Азим – үш мыңға жуық поэзиялық шығарманың авторы. Ол поэзия мектебін қалыптастырған сирек ақындардың бірі саналады. Шайырдың туындылары қазіргі заманғы өзбек поэзиясы мен драматургиясының биік деңгейін айқындайтын ерекше орынды иеленеді.

Усмон Азим 1982 жылы Грузияның Владимир Маяковский атындағы мемлекеттік сыйлығына ие болған. Сондай-ақ ол «Достық» орденімен (1998) марапатталған.

Қаламгер әдебиет әлеміне «Адамды түсіну» атты алғашқы кітабымен 1979 жылы қадам басып, әдеби қауымның назарына іліккен.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбек ақыны халықаралық «Алаш» сыйлығымен марапатталды