ӨР Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Шекара қызметі және «Ташкент-Аэро» ХБК әскери қызметшілерімен бірлесіп өткізген жедел іс-шарада Үндістаннан Қазақстан арқылы елімізге ірі көлемде сапасы кепілдендірілмеген дәрі-дәрмекті заңсыз әкелумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топты анықтады.

Атап айтқанда, қылмыстық топ кезекті дәрі-дәрмек заттарын «Дели-Ташкент-Алматы» әуе жолы арқылы «Алматы» халықаралық әуежайына жеткізіп, Қазақстанның Түркістан облысы Сарыағаш ауданы «Достық» елді мекеніне жеткізген және жасырын жерасты жолы арқылы Ташкент облысының Ташкент ауданына қарасты «Урикзор» аумағына өткізген.

Жедел шара барысында қылмыстық топ мүшелерінен жалпы құны 1 млрд 94 млн 342 мың сумдық Үндістанда өндірілген Альбумин, Ремдесивир, Меропенем сияқты 107 атаудағы 17 048 дана дәрі-дәрмек заттай айғақ ретінде алынған.

Айта кетейік, 1975 жылы туған азаматтың Ташкент ауданы «Урикзор» елді мекендегі үйін Қазақстанның Сарыағаш ауданындағы «Дослық» елді мекенімен байланыстыратын жолдың ұзындығы 310 метрді құрайды.

Жерасты жолы ауа желдеткіші, жарықтандыру жүйесі, жүк тасымалдауға арналған арбалар және арқандармен жабдықталған.

Қазіргі таңда қылмыстық топ мүшелеріне қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан айыру бойынша бұлтартпау шарасы қолданылған.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент облысының Қазақстанмен шекаралас аймағында ұзындығы 310 метрлік заңсыз жерасыт өткелі анықталды