ФОТОРЕПОРТАЖ: Күзгі бояу көмкерген Қашқадарияның көрікті ауылы
Қашқадария облысының Шахрисабз ауданындағы «Ғелон» ауылына апарар жол жылдың әр мезгілінде өзінше құлпырады. Әсіресе, күзде Гисар тауларының баурайындағы бұл мекен алтын түске боялған ағаштарымен, қарлы шыңдарымен, мөлдір суы мен таза ауасымен жанды баурайды.
Шахрисабз жазығынан тауға қарай өрлеген сайын табиғат көрінісі біртіндеп өзгеріп, тау бөктеріндегі сарғайған ағаштар, асқақ жартастар мен олардың арасынан сарқырай аққан өзен бір-бірімен үйлесіп, ерекше көрініс қалыптастырады.
Тау шатқалдарын бойлай созылған жолдың жағасындағы теректер күздің сан алуан бояуына малынған. Сары және қызғылт сары жапырақтар, тау қойнауынан соққан салқын самал мен өзеннің сарылы бұл өңірге айрықша көрік беріп тұр.
Жол бойында кездесетін көл де табиғаттың назар аударарлық көріністерінің бірі. Оның тұнық суынан айналадағы жартастар мен ағаштардың бейнесі көрініп, күзгі табиғаттың сұлулығын одан әрі айшықтай түседі.
Ауыл маңындағы тау көріністерінен екі мезгілдің ғажайып үйлесімін көруге болады. Тау етегін күздің алтын түстері көмкерсе, биік шыңдар ақ қарға оранған. Бұл көрініс Гисар тауларының асқақтығы мен табиғат бояуларының қайталанбас сұлулығын танытады.
[gallery-32502]
Тау қойнауындағы көрікті шатқалдар, терек өскен алқаптар, мөлдір сулар мен қарлы шыңдар «Ғелон» ауылына апарар жолдың өзіндік тартымын аша түседі. Әсіресе, күзде бұл өңір табиғат аясында тынығып, тау көріністерін тамашалап, әсем сәттерді таспаға түсіруге таптырмас мекенге айналады.
суреттерді түсірген Ж.НОРҚОБИЛОВ, ӨзА