Таиландта өзбекстандықтардың визасыз жүру мерзімі ұзартылады
Таиланд үкіметі 2023 жылдың 1 қазаны мен 31 наурызы аралығында шетел азаматтарына елде болу мерзімін ұзартуға рұқсат берді.
Bangkok Post басылымының хабарлауынша, Таиландқа келгеннен кейін виза алатын елдердің, соның ішінде Өзбекстанның азаматтары үшін елде визасыз жүру мерзімі 15 күннен 30 күнге дейін ұзартылады.
Елге визасыз кіруге құқығы бар шетелдіктер үшін визасыз жүру мерзімі 30 күннен 45 күнге дейін ұзартылады.
Осылайша ел билігі туризмнен түсетін кірісті арттырып, коронавирустық пандемиядан зардап шеккен Таиландтың экономикасын қалпына келтіруді көздеп отыр.