Сурхандария облысының Денов ауданында біздің заманымыздың I-II ғасырларына жататын қыш құмыра ыдыс табылды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, көне құмыра ауданның «Қарабақ» аулында табылған. Оны Бахрам Абдимуминов есімді азамат арық қазу тауып алған және құзырлы органға хабарлаған.

«Көне заттың тарихи маңызын зерделеу мақсатында Термез археологиялық мұражайы мен Термез мемлекеттік университетінің тарихшылары оны толығымен қазып алып, қалпына келтіру және зерттеу үшін Термез археологиялық мұражайына әкелді.

Алдын ала жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша құмыра біздің заманымыздың I-II ғасырларына жатады деген болжам жасалды. Ғалымдардың зерттеулері жалғасуда», делінген хабарламада.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сурхандарияда біздің заманымыздың I-II ғасырларына жататын қыш құмыра табылды