Өзбекстан-Қытай бірлескен археологиялық экспедициясы жүргізген зерттеу барысында Сұрхандария облысының «Узун» ауданында 4 мың жылдық тарихы бар бейіттер мен 2 мың жылдық қала қалдықтары табылды.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, зерттеу барысында әртүрлі қыш ыдыстар, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар, мүсін, қала мұнараларының қалдықтары және әртүрлі көне бейіттер табылған.
Ғалымдардың алдын ала тұжырымдары бойынша бұл археологиялық олжалар біздің дәуірімізге дейінгі II – III ғасырлардағы қаңлы, кушан және массагет дәуірлеріне жатады.
Қазіргі таңда ауданда Өзбекстан мен Қытайдың бірлескен археологиялық экспедициясының зерттеу жұмыстары жалғасуда.