2022 жылдың 2 наурызында Сұрхандария облысының «Сариосиё» ауданынан өтетін Топаланг өзенінің жағасынан жергілікті тұрғындар мыс теңгелерді тапқан.

Бас прокуратураның хабарлауынша, 3 наурызда Мәдени мұра агенттігі, Өзбекстанның Мемлекеттік өнер мұражайы, Термез археологиялық мұражайының өкілдері тарапынан жергілікті тұрғындардан 512 мыс теңгені қабылдап алып, Термез қаласындағы археологиялық мұражай қорына тапсырған.

Прокуратура органдары сала өкілдерімен бірлесіп жүргізген зерттеу барысында өз еркімен қосымша 620 мыс монета мен 1 дана шахмат фигурасы алынып, мұражай қорына тапсырылды.

Сонымен қатар, облыстық прокуратура, мәдени мұра басқармасы және археология мұражайы қызметкерлерінен құралған арнайы экспедиция ұйымдастырылып, қазір қазба жұмыстарын жүргізуде.

9 наурызда экспедиция өкілдері қазба жұмыстары кезінде 4 мыс теңге тапқан.

Археологтардың алдын ала қорытындылары бойынша бұл жәдігерлер Мырза Ұлықбек патшалығы тұсында (XV ғ.) соғылған, бүгінгі күнге дейін табылған ең ірі және ең жақсы сақталған мәдени мұра қазынасы болып табылады.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мекенжайда қазба жұқмыстары жүргізілуде, ол Бас прокуратураның бақылауына алынған.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сұрхандариядан Мырза Ұлықбек патшалығы тұсында соғылған мыс теңгелер табылды