Самарқанд пен Шымкенттің туризм саласы өкілдері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Самарқанд қаласындағы «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде «Род-шоу» өтті. Оған Самарқанд, Самарқанд облысы және Қазақстанның Шымкент қаласынан туроператорлар, турагенттер, қонақ үй және мейрамхана менеджерлері қатысты.
Бизнес өкілдері өз қалаларының туристік нысандарын, сондай-ақ инвестициялық және туристік әлеуетін таныстырды. Мұнда екі елдің туризм саласының өкілдері үшін ұйымдастырылған кездесулер де өтті.
Шара соңында Самарқанд пен Шымкенттің туризм саласы өкілдері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, алдағы уақытта ынтымақтастық қарым-қатынастарын нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.
Р. БОНДАРЧУК, ӨзА