Қырғызстанда Өзбекстан мәдениеті күндері басталды
27 шілде күні Қырғызстанда Өзбекстан мәдениеті күндері басталды. Екі күнге жоспарланған іс-шараларға қатысу үшін Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков бастаған 200-ге жуық мәдениет және өнер қайраткері Шолпаната қаласына келді.
«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан мәдениеті күндері 27–28 шілде аралығында Қырғызстанның Шолпаната қаласында өтеді.
Өзбекстанның шығармашылық делегациясы 26 шілде күні «Ыстықкөл» (Тамшы) халықаралық әуежайына жеткен.
Делегация құрамында 200-ге жуық мәдениет және өнер өкілі, оның ішінде танымал әншілер, музыканттар, би ұжымдары мен мәдениет қайраткерлері бар.
Екі күн бойы өзбекстандық өнерпаздар Ыстықкөл облысының тұрғындары мен қонақтарына елдің бай тарихи-мәдени мұрасын және ұлттық өнердің заманауи жетістіктерін танытатын концерттік бағдарлама ұсынады.
Айта кетейік, Өзбекстан мәдениеті күндері екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.