Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районының Қорғас қаласында «Шыңжаң – Орталық Азия жастары өнер фестивалі» ашылды.
Чжунго синьвэньшэ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, үш күнге созылатын шараға Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстаннан жүзге жуық жастары қатысып отыр.
Фестиваль Орталық Азия өнері көрмесімен ашылды. Экспозицияға қойылған суреттер өркениеттер арасындағы өзара алмасу үдерістерін бейнелейді.
Бұл фестиваль серіктес мемлекеттер жастары арасындағы өзара құрметті арттырып қана қоймай, тиімді тәжірибе алмасуға арналған ерекше алаң болып табылады.