Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов атақты суретші Орал Таңсықбаевтың Ташкенттегі мемориалдық мұражай-үйіне барып, оның өнер туындыларымен танысты.
Биыл Орталық Азия елдерінің көркем сурет өнерінің негізін қалаушыларының бірі Орал Таңсықбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай, осы мерейті дата Қазақстан мен Өзбекстанда кеңінен аталып өтуде.
«Елші танымал қылқалам шеберінің сызған өнер туындыларын, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығын баяндайтын жеке заттары және мұрағаттық материалдарын қамтитын мұражай экспозициясымен танысты.
Музей директоры Фарход Жалиловпен әңгімелесу барысында дипмиссия басшысы келесі жылы Қазақстанда атақты өзбекстандық суретші Орал Таңсықбаевтың көрмесін өткізу жоспарланғанын атап өтті», делінген елшілік хабарламада.