2021 жылдың 9-10 қазан күндері Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Сатыбалды жұмыс сапарымен Жызақ облысында болды. 

Сапар барысында Д.Сатыбалды Земин ауданындағы «Дуоба» азаматтарының ауылдық жиыны тұрғындары үшін жасалған жағдай, сондай-ақ ауылдық дәрігерлік пункт пен тігін шеберханасының қызметімен танысты. Елші сонымен қатар облыс орталығында орналасқан жаңа IT –паркпен танысты.  

Онда Президент Ш.Мирзияевтің елде цифрландыруды дамыту туралы жариялаған бастамасы аясында жас мамандардың идеялары мен жаңа жобаларын жүзеге асыру үшін арнайы құрылған платформа ұсынылды. Облыс әкімі Э.Салиевтің айтуынша, жергілікті билік өкілдері спортты дамытуға көп көңіл бөліп, Елшіге жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырылған BMX велоспорты бойынша жалпы құны 1,5 млн доллар тұратын жаңа жоба таныстырылды. 

Сондай ақ, Елші «Абат Махалла» бағдарламасына сәйкес, мемлекеттің әлеуметтік және өндірістік, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы инфрақұрылымды дамытып, жастарды жұмыспен қамту бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымен де танысты. Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі Д.Сатыбалды облыстағы №29 қайрымдылық үйінде болып, орталық директорына Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өзбек тіліне аударылған Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабын табыс етті.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан елшісі Жызақ облысына жұмыс сапарымен барды