Жызақ облысына келген Қазақстан Республикасының инвесторлары 1,3 млн долларлық 11 келісімге қол қоюға мүдделі.

Осы жылдың 13 маусымында Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы стандарттау және сертификаттау саласындағы тиімділікті арттыру мәселелеріне арналған жиында облыс әкімдері экспорттаушылар санын көбейту және жаңа зертханалар ашу бағдарламасын қабылдау, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 200 мың гектар жеміс-көкөніс алқаптарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, жыл соңына дейін 249 жеміс-көкөніс кластерімен жұмыс істеу және халықаралық нарыққа экспорттайтын кәсіпорындар санын 400-ге дейін арттыру міндеті қойылған еді.

Осыған орай, Қазақстандық инвесторлармен кездесуде өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру, өңір экономикасында туризм индустриясын қалыптастыру, өндірісті жергіліктендіру, импортты онын басатын және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, олардың экспорттық әлеуетін және сапасын арттыру сынды мәселелер талқыланды.

Екі жаққа да тиімді болған келіссөздер барысында қазақстандық инвесторлармен B2B, B2G, G2G форматында келіссөздер жүргізіліп, жаңа инвестициялық жобалардың тұсаукесері өтті.

«Өзбек ағайындарымыздың Жызақ облысында салған өндіріс орындары мені қатты таң қалдырды. Мен осындай өндірістік компаниялармен жұмыс істеуден қуаныштымын және болашақта ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниеттемін», - дейді қазақстандық «BePRO Management holding» басшысы Еркелбұлан Мәкенов. 

А.Қаюмов, ӨзА

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық инвесторлар Жызақта 1,3 млн долларлық 11 келісім жасамақ