Пәкістан ішкі істер министрі Сарфараз Ахмед Бугти 29 қыркүйекте 57 адамның өмірін қиған шабуылдардың артында Үндістанның Research and Analysis Wing (RAW) барлау агенттігі тұр деп айыптады.

Пәкістанның ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бугти шабуылдардың Белуджистан мен Хайбер-Пахтунхва провинцияларындағы бейбіт тұрғындарға бағытталғанын мәлімдеген.

Бугти лаңкестік топтардың әрекеттерін кімдер қолдайтынын жақсы білетінін және RAW-ті 57 адамның өмірін қиған шабуыл артында тұрғанын айтып, RAW пәкістандық тәліптерді қолдап отырғанын айтқан.

Ресми Нью-Дели қазірше Бугтидің айыптауларына әлі жауап берген жоқ.

Еске сала кетсек, 29 қыркүйекте Белуджистан провинциясының Мастунг ауданында адамдар жиналған мешіт маңында теракт жасалды және сол күні Хайбер-Пахтунхваның Хангу ауданында да жанкешті шабуыл жасалған.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пәкістан Үндістанды терроризмді қолдады деп айыптады