Германияда шағын ұшақ автомагистральға құлап, екі адам қаза тапты
Германияда шағын ұшақтың автомагистральға құлауы салдарынан екі адам қаза тапты.
DW басылымының мәліметінше, оқиға Саксония-Анхальт федералдық жерінде, Магдебург қаласынан солтүстік-шығысқа қарай, Бург қаласы мен Крахенберге демалыс орнының арасында болған.
Ұшақ құлағаннан кейін өртеніп кеткен. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде, борттағы екі адамның қаза тапқаны анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ автомагистральмен келе жатқан басқа көліктерге соқтығыспаған.
Оқиға орнында өрт сөндіру-құтқару қызметі мен полиция қызметкерлері жұмыс істеген.
Әзірге ұшақтың құлау себебі белгісіз. A2 автомагистралі Германияның Берлин қаласының маңы мен елдегі халқы ең көп федералдық жер – Солтүстік Рейн-Вестфалияны байланыстыратын маңызды көлік бағыттарының бірі саналады.
Оқиғаға байланысты жолдың Ганновер бағытына қарай барлық қозғалыс жолақтары жабылған.