Сұрхандария облысының Термез ауданында ұйымдастырылған халықаралық көкпар ойынында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 5 тамыздағы «Сұрхандария облысында қарабайыр тұқымды жылқыларды өсіру және насихаттау сонымен қатар, ат спортын одан әрі дамыту шаралары туралы» шешімін жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған ойында Қазақстан құрамасы бірінші орынды алып жүз миллион сум сыйақыға ие болды.
Халықаралық көкпар ойынында Қырғызстан командасы екінші орынды иеленсе (75 миллион сум), Қарабайыр жылқы өнері мектебінің командасына үшінші орын нәсіп етті (50 миллион сум).
суреттерді түсірген Холмумин МАМАТРАЙИМОВ, ӨзА