Францияда білім беру жүйесіндегі мәселелер жаппай наразылыққа ұласты
Францияда мұғалім тапшылығы мен мектеп ғимараттарының көңіл көншітпейтін күйіне қарсы басталған студенттер мен оқушылардың наразылық акциялары тәртіпсіздіктерге ұласты.
Соның салдарынан ел бойынша 400-ден астам мектеп пен білім беру мекемесі жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
Елдің ішкі істер және әділет органдарының мәліметінше, наразылық білдірушілер мектептерді өртеп, қоғамдық көліктер мен автокөліктерді өртеу әрекеттерін жасаған, сондай-ақ полициямен қақтығысқан.
Францияның білім министрі Эдуар Жеффрей мектептердің жабылғанын растады. Ал әділет министрі Жеральд Дарманен наразылықтар қарапайым қарсылық акциясынан қоғамдық тәртіпті бұзу қылмысына айналып кеткенін мәлімдеді. Тәртіпсіздіктер басталғалы бері 2 мыңға жуық адам ұсталған.
Жеффрейдің айтуынша, зорлық-зомбылық әрекеттеріне белсенді қатысып жүргендердің барлығы бірдей мектеп оқушылары емес.
Бұл тәртіпсіздіктердің артында солшыл саясаткерлер мен «Бағынбайтын Франция» (LFI) қозғалысы тұр деген хабарлар тарады. Алайда партия өкілдері бұл айыптауларды жоққа шығаруда.
Тәртіпсіздіктер көршілес Бельгияға да әсер етті. Льеж қаласындағы кейбір оқушылар наразылықтарға қосылғаннан кейін жергілікті билік жұма күні қала мектептерін жабу жөнінде шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.