БАҚ: Венесуэла ОПЕК құрамынан шығуы мүмкін
Венесуэла Біріккен Араб Әмірліктерінен кейін ОПЕК ұйымынан шығуы мүмкін.
Бұл туралы канадалық Globe and Mail газеті жазады.
«Келесі болып ОПЕК-тен кім шығатынын болжау қиын емес... Егер Дональд Трамп Венесуэланың да БАӘ сияқты ұйымнан шығуын қаласа, бұл міндетті түрде жүзеге асады», – дейді басылым шолушысы Эрик Регули.
Оның пікірінше, әлемдегі ең ірі мұнай қорына ие Венесуэла ел президенті Николас Мадуроның «ұрлануынан» кейін іс жүзінде АҚШқа тәуелді болып қалған.
Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымынан шығуы жайлы мәлімдеген болатын.