Өзбек күресінен XV Азия чемпионаты Душанбеде өтеді
Халықаралық кураш қауымдастығы, Азия кураш конфедерациясы және Тәжікстан кураш федерациясы арасындағы келісімге сәйкес, биыл ересектер арасындағы XV Азия чемпионаты 11–15 маусым күндері Душанбе қаласында өтеді.
Жарыстар Душанбе қаласындағы «Dushanbe Tennis Palace and Water Sport Complex» кешенінде ұйымдастырылмақ. Бұл дода Азияның ең үздік балуандарын анықтап қана қоймай, IKA рейтингтік ұпайларын үлестіретін болады.
Жарысқа 17 жастан асқан спортшылар қатыса алады. Әрбір ел әр салмақ дәрежесінде бір ғана спортшымен бақ сынайды, ал барлық қатысушылар өз мемлекетінің азаматтары болуы тиіс. Сонымен қатар жарыс ережесіне сәйкес, арнайы босқындар құрамасының мүшелеріне де құрлық чемпионатына қатысуға рұқсат берілген.
Дәстүр бойынша чемпионат аясында IKA халықаралық төрешілер семинары, төрешілік емтихандар, сондай-ақ Азия күрес конфедерациясы конгресі мен басқару комитетінің отырысы өткізіледі.
Қатысушыларды тіркеу IKA-ның ресми электрондық жүйесі арқылы жүргізіледі.