Сұрхандарияда өтетін фестивалге қызу дайындық жүріп жатыр
ФОТОРЕПОРТАЖ
Көктемнің шуақты күндерімен бірге Сұрхандария облысының Бойсун ауданы тағы бір мәрте рухани жаңғырудың ордасына айналмақ. Мамыр айының алғашқы күндерінде мұнда халықаралық деңгейдегі беделді мәдени мереке – дәстүрлі «Бойсун баҳори» («Байсын көктемі») фольклор фестивалі өтеді.
Дәстүрлі фольклор фестивалі тек еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды бір сахнада тоғыстырады.
[gallery-28882]
Аталған фестиваль аясында қонақтар халық ауыз әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрлермен және ғасырлар бойы сақталып келе жатқан бірегей мұралармен жақын танысу мүмкіндігіне ие болады. Әртүрлі елдерден келген шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін паш етіп, мәдени алмасу аясын кеңейте түседі.
Тау баурайындағы тылсым табиғат құшағында өтетін бұл думан биыл да өзгеше леппен, жаңа көркемдік деңгейде ұйымдастырылады деп күтіліп отыр.
суреттерді түсірген Ж.ҚУЗИМУРОДОВ, ӨзА